Шымкентте «Ұлт үні» керуені байқауы өтуде

Сайт әкімшілігі

25.10.2020, 09:50

135

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану«жобасы аясында түрлі ұлт өкілдері арасында „Ұлт үні“ керуені байқауына іріктеу өтуде. Байқауды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қолдауымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.

–Байқау екі кезең, 4 бағыттан тұрады. Үміткерлер көрсетілген жанрлар бойынша бақ сынайды. Мемлекеттік тілде өтетін жобаға қатысушыларға жас шектеуі жоқ. Мұнан әрі қарай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында жалғасын табады. Қатысушылардың барлығы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жүлделі орындармен, номинациялармен және ынталандыру сыйлықтары мен марапатталады, — дейді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Қоғамдық келісім мекемесінің бөлім басшысы Азиза Иасева.

Байқауға іріктеу Абай ауданы бойынша саз колледжінде өтіп жатыр. Этнос өкілдері мемлекеттік тілде қазақтың жыршы-жырауларының, айтыс ақындарының, ұлы тұлғалар Әбу Насыр Әл-Фараби, Абайдың еңбектерінен, қазақ композиторлары мен Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттап, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды, халық ауыз әдебиетімізді паш етіп, сынға түспек

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:12
Түркістандағы төрт бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:32
Ақ түтек боранда екі малшы ажал құшты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51