Шымкентте заңсыз құрылыс жұмыстары тоқтатылды

Сайт әкімшілігі

13.09.2020, 22:26

24

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға жазылған шаһардың тұрғындары өздерін мазалайтын мәселелерін ортаға салды.

Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғыны Бану Көпбаева №8 мектеп маңында заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен оқушыларға қолайсыздық танытып жатқанын айтты.

— Мен бұл жайтқа қанықпын. Аудан әкімімен өткен аптада аталған мекенжайға барып, мәселемен танысқан болатынмын. Қазіргі таңда жерді қала қажеттілігі үшін мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде қаулы шығардым. Осыған сәйкес, алаңдауға негіз жоқ. Құрылыстың тоқтауын өз бақылауыма алғанмын, — деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Бұдан өзге қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй және ойын алаңшалары жөнінде мәселе қозғады. Мәселен, Әл-Фараби ауданы «Спорт» шағын ауданының тұрғыны Данагүл Қобланова үйінің апатты жағдайда екенін айтып, көмек көрсетуін сұрады.

Қала әкімі заңға сәйкес мемлекеттік лицензиясы бар жобалау ұйымының техникалық қортындысын және жергілікті уәкілетті органның анықтамасын ұсыну арқылы тұрғын үй кезегіне тұру қажеттігін айтты. Баспананың кезек бойынша берілетінін және жаңа пәтер алған жағдайда апатты деп танылған үйді коммуналдық меншікке өткізу қажеттігін атап өтті.

Азаматтардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған шаһар басшысы тиісті басқарма басшыларына сол сәтте тапсырма беріп, мәселелердің заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27