Шымкентте жаңа жобалар ұсынылды

М.СӘУЛЕБЕК

06.10.2021, 15:44

317

Биыл наурызда Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін инвестициялық штаб құрылған болатын.

Аталған штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етеді. Сондай-ақ, құрамына   қалалық әкімдікке қарасты  басқармалар, аумақтық департаменттер мен коммуналдық қызмет көрсететін мекеме басшылары кіреді. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында, инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланыс орнатылып, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдай орнату және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жуырда штабтың кезекті отырысында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды. Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» ЖК металл конструкциялар дайындау өндірісі, лак-бояулары, респираторлар кәсіпорны, «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық плиталар өндірісі жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, «BAZIS Shymkent» ЖШС, «Ұлы-Орда» ЖШС, «Prestige House» ЖШС көпқабатты тұрғын үй, «Абдиева А» ЖК бизнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді. 

Ұсынылған жобалардың ішінде 4 жоба құрылыс индустриясына қызмет ететін кәсіпорындар. Олар қарқын алған құрылыс саласын отандық өнімдермен толықтырып, Шымкент қаласын құрылыс индустриясы дамыған орталыққа айналуына ықпал етеді. 

Қала әкімі барлық жобаларға қолайлы жағдай жасалатынын, жер телімі және инфрақұрылым мәселелері дер кезінде шешілетінін айтып, кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырды.

Шымкент қаласының инвестицялық штаб отырысында соныменг бірге хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков осы бағытта атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында. 

Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 6 тапсырма орындалуда. «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «DENTAFILL KAZAKHSTAN» ЖШС дәрі-дәрмек және гигиеналық бұйымдар өндірісі жобасын қажетті газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс енгізілген болатын. 

Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға табиғи газдың жетіспеушілігі бойынша 2-ші кезеңінің құрылыс жұмыстарына (табиғи газ) жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар, «Тассай» индустриялық аймағы инженерлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізілуде. 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін сараптама қорытындысы алынады. 

Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін жүргізіп, аймақтағы өнеркәсіп нысандарын табиғи газ жүйесімен қамту жоспарлануда. Жалпы хаттамалық тапсырмаларды 1 қарашаға дейін орындау міндеттеліп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29