18.10.2020, 10:56
1090
Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге әуежайдағы жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс жобасы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («СКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.
«СКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, сондай-ақ құрылыс кезінде пайдаланылатын заманауи материалдар, оның ішінде отандық өндірістің үлесі туралы баяндады.
Жаңа терминал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР