Шымкентте жылыжайда гүл өсіру қолға алынды

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 08:35

250

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүл көшеттерін өсіру қолға алынып отыр. Асар шағынауданында өткен жиында осы саланы дамыту жайы талқыланды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС-нің директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Ғ.Садыбеков және «ASAR AGRO» кооперативінің басшысы С.Тастанов қатысты.

Талдау жұмыстарына сәйкес, бүгінде Шымкентте қаланы көгалдандыру мақсатында жалпы 1,6 млн. дана гүл қажеттілігі анықталып отыр. Жиында біржылдық және көпжылдық гүлдердің көшеттерін өсіру үшін жобаны қаржыландырумен қамтамасыз етуге «ASAR AGRO» кооперативі, «Жасыл-Жер» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мақсатта форвардтық сатып алу да келісілді. Жоба аясында қала аумағындағы агроқалашық болып саналатын Асар шағынауданынан 100 отбасы жұмыспен қамтылады.

Асар шағынауданы бүгінде жылыжай өндірісіне маманданған. Ендігі ретте бұл аумақтағы жылыжай кешендерінде гүл өсіруді дамытып, жаңа саланы игеруге мүмкіндік туып тұр.

Жалпы, гүл өсіру пайдасы көп, табысты сала. Шымкентте жаңа саланы дамытып, гүл экспортын ұлғайтуға барлық мүмкіндік бар. Бұл салада бәсекелестіктің артуына байланысты салық көлемі де ұлғаяды. Болашақта Шымкентті көкөніспен қатар, көрші аймақтар және көрші елдерге гүл эспорттайтын әлеуетке жеткізу мақсаты тұр. Мәселен, Нидерланд елі гүл сату бизнесінен жылына 6 млрд-тан астам еуро пайда табады екен. Осыны ескерер болсақ, бұл саланы Шымкентте дамыту бойынша мол пайда табуға мүмкіндік бар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08