Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді

Сайт әкімшілігі

21.05.2022, 19:13

1352

Шымкенттегі Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталық жанында орналасқан жекеменшік дәріхана ғимаратында болған жарылыстың салдарынан бір нәресте қайтыс болды. Бұған дейін жарылыс кезінде перинаталдық орталықтың күзетшісінің қаза тапқаны айтылған болатын. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім фейсбуктегі парақшасында хабарлады.  

— Жарылыс кезінде орталықта 189 пациент және 65 қызметкер болған. Оқиға салдарынан перинаталдық орталықтың 1 қызметкері қаза тауып, 1 нәресте шетінеді (баланың туғанына 18 тәулік, салмағы 790 грамм болған), 8 адам жарақат алды. Зардап шеккен адамдарды Түркістан облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына, №2 қалалық ауруханаға жеткізді. Жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 дәріхана» ЖШС-іне тиесілі. Ғимараттың перинаталдық орталыққа қатысы жоқ, — делінген жазбада.

Айта кетейік, бүгін түске жақын Шымкент қаласында №1 перинаталдық орталық жанындағы екі қабатты ғимаратты жарылыс болды. Төтеншеліктердің хабарлауынша, азаматтардың қауіпсіздігі үшін перинаталдық орталықтағы жүкті әйелдер мен жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз аймақа көшірілді. Жүкті әйелдер Шымкенттегі басқа емдеу мекемелерге жіберілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру амалдары жүріп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33