28.10.2020, 10:17
308
Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен IT CAMP жас бағдарламашылар мектебі аясында 200 жасқа арналған оқыту сабақтары ұйымдастырылды.
Жастар мен жасөспірімдердің IT саласына қызығушылығын арттыру және IT саласының дамуына жағдай жасау мақсатында өткізілген жобаға Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. Жоба барысында Жанар Əлібекқызы бұл іс-шараның мақсаты жастар арасында отандық, жергілікті ІТ өнімдерін, жаңа компаниялар мен мамандарды даярлау жəне цифрлық сауаттылықты арттыру екенін атап өтті.
Аталған жоба аясында 200 жас ZOOM платформасы арқылы ІТ саласы бойынша білім алып, білімдерін жетілдіріп, жаңа жобалары мен тың идеяларын ұсынды. Оған қоса, PYTHON бағдарламасы арқылы жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу секілді тәжірибелік сабақтар ұсынылды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР