Шымкенттің жасыл аймағы ұлғайтылады

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 07:41

341

Шымкент жыл санап жасыл желекті қалаға айналып келеді. Мегаполисте жасыл аймақтың аумағы алдағы бес жылда 13 000 гектарға ұлғаяды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарын әзірлеген. Жоспарға сәйкес, 2021 жылы жаңадан 500 гектар жерге 620 000 түп ағаш көшеті отырғызылады.

Биыл 800 мыңға жуық ағаш егу жоспарланған болса, көктемде соның 72 мың түбі отырғызылған. Ал, күзде 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.

Сонымен қатар, биыл 8 айда 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүлдер мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон және 159 700 түп лигуструм егілген.

Жасыл аймаққа егілетін ағаш көшеттерін әзірлеу мақсатында қалада 8 гектарлық тұқымбақ ұйымдастырылды. Қазіргі таңда тұқымбақтың 1 гектар жері толық суғарылып, 300 келі емен тұқымы және 100 дана бұта тәріздес легустра ағашының қаламшалары отырғызылуда. Жалпы, тұқымбаққа алдағы уақытта әр түрлі ағаштардың 3 195 тонна тұқымын себу, бұта және ағаш көшеттерінің 65 000 дана қаламшаларын егу жоспарлануда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15