Шырылдаған ана жоғары соттан 15 жылға жазықсыз сотталған ұлын ақтауды сұрайды

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

14.12.2020, 09:33

1951

«Туған баласына азғындық әрекеттер жасады» делініп, 15 жыл арқалап кеткен азаматтың анасы, жанайқайын жалпақ жұртқа жариялады. Ол, педофил деп айыпталған ұлының жазықсыз екенін, Жоғары соттан істі қайта қарауын, баласын ақтауын сұрайды.

Қармақшылық Бағлан Ұзынжасов былтыр сотталған екен. Айыптау мәліметтерінде оның қоғамдық көлік аялдамасында өз қызына жыныстық азғындық жасаған деп көрсетілген. Ал анасы мұның барлығы жалған екенін айтады.

— Бір жылдан астам әділдікке қол жеткізе алмай жүрмін. Егерде балам дәл сондай істесе отыра берер еді, жазықсыз болғасын күйіп бара жатырмыз ғой. Ол да күйіп жатыр. Қызы күнде әке-шешесінің қол ұстасқан суретін салып, «Қашан келеді, папам деп» отыр, — дейді жанары жас жауған анасы Үміт апа.

Оқиғаның желісіне келсек. Бұл жағдай бір жыл бұрын Байқоңыр қаласында болған. Әйелімен ажырасқан Бағлан мереке күндері 6 жастағы үлкен қызын анасынан сұрап, бірер күнге үйіне алып кетпек болады. Екеуі Ақай елді-мекенінде автобус күтіп аялдамада отырғанда шаршаған қызы әкесінің алдына басын қойып жантайып жатады. Осы мезеттерде келген автобустан шыққан бір әйел «педофил, аялдама азғындық жасады» деп оны айыптай жөнеледі. Мұнан соң тергеуден тергеу өтіп, қаншама дәлелдер келтірсе де 34 жастағы Бағлан темір торға қамалады.

— Міне 1 жыл 4 ай болды сандалып, қиналып жүргеніме. Балам ондай істесе өзім де аямас едім, бір үзім нан апарып та бермес едім. «Қолымен істегеніңді басыңмен көтер» деп әрі қарай жіберер едім педофил болса. Бірақ жазықсық ғой балам, ешқандай дәлел жоқ, дым жоқ. Экспертизаның барлығы таза, көшедегі бір әйелдің айқайына осылай істеуге бола ма?, — дейді жазасын өтеушінің анасы Үміт.

Бағлан Ұзынжасовтың қорғаушысы да тергеу барысында біршама заң бұзушылықтар болғанын айтады.

— Азғындық жасағанын бекітетін сараптама қорытындылары жоқ. Іс бойынша ауыз қуысынан, қол, тері іздері алынып, зерттеулер жүргізіледі негізінде. Ауыз қуысынан алынған сүртінділердің сараптама қорытындылары оң нәтиже беріп тұрған жоқ, теріс нәтиже. Яғни, ондай оқиғаның орын алғандығын бекітіп тұрған жоқ, — дейді Қызылорда облысы адвокаттар алқасының адвокаты Тоқтар Мырзамбетов.

Істі қараған ведомство өкілдері куәгердің де сөзін ескермегенге ұқсайды. Өйткені сол уақытта аялдама жанында балаларымен серуендеп жүрген Мадина Сейделова да ешқандай жыныстық азғындық болмағанын айтады.

— Аялдама әкесі мен қызы отырғанын көрдім. №1 автобус келді де ішінен бір әйел түсіп айқайлады. «Не істеп жатырсың мына қызға, не қылып жатсың?» деп айқайлап, «қызыңды зорлап жатсың» дегендей сөздер айтты. Мен оны көзіммен көріп тұрмын, қызы тек алдында жатты, — дейді куәгер Мадина Сейделова.

Алайда, бұл дәлелдер сотта есепке алынбапты. Алғашқы сот отырысында Бағлан кәнілә деп табылып 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Мұнан соң сотталушының жақындары аппеляцияға берген.

Бұл мәселеге орай Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі ресми жауап берді. Онда «Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында өз қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді», делінеді жазбада.

Ал Бағланның қызы, сол күні ешнарсе болмағанын айтады. Ол әкесінің тезірек үйге келетініне сенеді.

— Папа маған ешнәрсе істеген жоқ. Папамды сағындым, папамды жақсы көремін. Папаны босатыңдар!, — дейді бүлдіршін.

Осылайша педофилдер тізіміне ілігіп кеткен Бағлан Ұзынжасов түрмеде жазасын өтеуде. Ал жергілікті соттан күдер үзген сотталушының анасы барлық үмітті Жоғарғы соттан күтеді. 

Тегтер: сот жүйесі заң заңсыздық бітім береке ақсақалдар алқасы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58