Сот жүйесінің өзгерісі халық көңілінен шығуда

Ерзия ЕРСҰҢҚАР

26.05.2022, 22:55

1157

Мемлекеттік биліктің негізін құрайтын үш биліктің бір тармағы Сот жүйесі. Сондықтан оның әрқашан халық сеніміне лайық, қара қылды қақ жарған әділ, замана сұранысына сай болуы міндетті. Өйткені сот жүйесінің абыройы мемлекеттің беделіне тікелей қатысты дүние. Осы орайда еліміздің сот жүйесінің сұранысқа сай үнемі бейімделіп, халық тілегіне орай жаңғырып отыруы осы жауапкершілікті сезінуінен болса керек. Жалпы еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сот жүйесін әлемдік стандарттарға сай етуге бар күшін салып келеді.

Әсіресе цифрлы жүйеге бейімделуде саланың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.   

Осы орайда елімізде ең алғашқылардың бірі болып сот саласының цифрлануға бет бұрғанын айта кетуіміз қажет. Озық сот тәжіри­бесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану, сандық технологияның игілігін көру екенін ұққандықтан, сала мамандары осы өзгеріске тез бейімделді. Соның арқасында бүгінде соттар қағазбастылықтан арылып, электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, жылдам қызмет көрсететін, ашық сот процестері базасы жасалып, жемқорлықтың жолы кесіліп, сала жұмысының жеделдігі артып отыр.

Сот төрелігін одан әрі цифрландыру мақсатында – басқа елдермен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүргізілуде. Мәселен, жақында ғана Жоғарғы сот органының төрағасы Жақып Асановтың  Қытай Жоғарғы Сотының Ақпаратты басқару орталығының бас директорымен кездесуі соның айғағы. Яғни сандық технологияда жетістікке жеткен елдердің тәжірибесін өз елімізде одан ары енгізу мақсатында – сала мамандары өзге елдерге барып та, оларды шақырып та тәжірибе мен мүмкіндік алмасуға барын салуда.

Осы орайда айта кетсек, Жақып Қажыманұлы Қытайдың әлемдегі сот актілерінің ірі ресурстық базасына айналып отырғанын ескере отырып, Қытай Жоғарғы Сотының Ақпаратты басқару орталығының бас директоры Цзяньфэн Сюймен соттардың ашықтығы, жеке деректерді қорғау, желілік қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытында әңгіме өрбітті. Демек еліміз сандық технологияның жетістігін мүмкіндігінше кеңінен пайдалануға тырысуда. Соның ішінде сот жүйесі сандық технологияның мүмкіндігін пайдалануда алдыңғылардың бірі болмақ. Жалпы еліміздің сот төрелігі толығымен электронды форматқа көшірілді деп айта аламыз. Салада жылына 7 миллионға жуық электронды құжат тіркелуде. Шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Қазіргі таңда соттар Big data технологиясын қолдануда, яғни аумақаралық соттылық, роботтандыру элементтеріне негізделген цифрлық сот талдауы енгізілу үстінде.

Жақында еліміздің Жоғарғы Соты Smart-Bridge платформасында ашық сот актілеріне жедел қолжетімділік жөніндегі сервис қызметін іске қосты. Ашық бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруда бұл қызметтің маңызы зор болмақ. Заңды қызмет көрсетуге маманданғандар үшін сервис қолжетімді деректердің құрамы мен пішімін түсіну үшін сервистік сұраулар мен жауаптардың мысалдарын ұсынады. Автоматтандырылған жүйе қазірдің өзінде халық көңілінен шығуда. Бұл пайдаланушылардың, оның ішінде – мемлекеттік органдар өкілдерінің, кәсіпкерлердің, заңгерлер мен студенттердің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Жалпы

Smart-Bridge пайдаланушылары деректерді «Сот актілерін іздеу», «Істің нәтижесін болжау», «Контрагенттерді тексеру» және «Талап арыздарының конструкторы», «істі қалай шешу тиімді болатынын», т.б. қызметтерін жасау үшін пайдалана алады.

Жалпы саланың цифрлануы сот жүйесіне серпін бергені байқалады. Бүгінде заманауи технологиямен жабдықталған сот залдары сот ісінің сапасын арттыруға ықпал етті. Сот мәжiлiстерiнiң барлығы қондырғы арқылы бейнежазбаға жазылып, заңдастырылады. Ал оны ешкiм өңдеп,  өзгерiс енгiзе алмайды. Бұның өз кезегiнде сотқа жүгiнген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн шынайы қорғау сапасын одан әрі арттыра түсері сөзсіз. Өйткені таспаға жазылған сот отырысының көрінісі сақталады. Осындай артықшылықтар сала мамандарының да сандық технологияға қызығушылығын оятып, ынталандыруда. Абдырап қалмастан сала мамандары жаңа технологияның еркіне тез бейімделуде.

Қоғам сұранысына барынша сай келетін сапалы жаңа қызметтер тұтынушылардың көңілінен шығуда. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы уақыттағы Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатып отыр.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.06.2022, 11:44
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны өсуде
Сайт әкімшілігі 22.06.2022, 09:49
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.06.2022, 08:30
Отставкіге кетуге дайын
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.06.2022, 10:40
Н. ҰРАНХАЕВ: Семейдің өзекті мәселесі жетерлік
Б.СӘРСЕНБІ 17.06.2022, 16:20
Тасқынның тақсіретін тартпаймыз десек...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.06.2022, 13:30
Шет ауданында мал қырылуда

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33