24.02.2021, 16:06
972
Солтүстік Қазақстан облысында кеше басталған боран басылар емес. Өңірдің кейбір аудандарында түскен қалың қардың мөлшері үш айлық нормаға жетті. Қатты желдің кесірінен 18 елдімекен жарықсыз қалған.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағына ақпанның 23-і келген оңтүстік циклон – төтенше жағдай, полиция мен коммуналдық қызмет өкілдерін әуреге салды. Үш күннен бері бастауыш сынып оқушылары сабаққа барған жоқ.
«Ақпанның 24-і күні облыста жауын-шашынның ірі көлемі тіркелді. Кейбір жерлерде тоқсандық нормаға сай қар жауды. Петропавл қаласында ақ ұлпаның бір айлық мөлшері түсті. Тимирязев, Жамбыл, Шоқан Уәлиханов атындағы аудандарда жауын-шашын көлемі тоқсандық нормаға жетті. Сонымен қатар, облыстың барлық аумағында дауыл болып тұр», — делінген «Казгидрометтің» облыстық филиалы таратқан хабарламада.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР