08.02.2021, 10:54
822
Қарағандыда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қамауға алынды.
Ол пара алып жатқан қылмысының үстінде ұсталған.
Бейресми деректер негізінше оң шешім шығару үшін 30 000 евро ақша алған.
Алайда параның қанша көлемде болғаны жөніндегі ақпаратты құзырлы орын өкілдері растап отырған жоқ.
Облыстық сот судьяның пара алу үстінде ұсталған фактісін растады. Дегенмен әділ шешім шығарады деген фемида өкілінің кімнен қанша көлемде ақша алғаны жөніндегі ақпаратты тергеу өтіп жатқандықтан ресми орындар жарияламай отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР