Сұлулық қуғандар жер сипап қалды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

13.05.2021, 15:49

903

Ажарын әрлендіру үшін опа тапқан қыз-келіншектердің қарасы қалың. Бүгінде шағым иелерінің саны 162 жанға жетіп отыр. Қарағандыдағы сән салонының бірінде аса қымбат косметикалық қызметке қол жеткізуді көксеген келіншектер тауар қолға түспей тұрып, қомақы ақшаларын салған. Ал қаражаттары жетпегендер банктен несие алған. Сұлулық салонының қожайындары қомақы қаржыны қолға түсірген соң, ізім-қайым жоғалған. Қаладан қарасын жасырғандарды енді қы-келіншектермен бірге құқық қорғау қызметкерлері де  іздестіріп жатыр.

— «Мұндағы косметикалық қызмет өте қымбат тұрады. Ақшасы жетпегендерге мамандар несие рәсімдеуге кеңес берді. Менің өзім қаншама ақшамды төктім. Тіпті, алдын-ала төлем жасадым. Құйған ақшамның тең жартысын қажетіме жарата алмадым. Енді,  қалған теңгемді қайтаруды талап етемін»,-деп зар қағуда Сәуле Ермекова.

Аталған салонда бұрын дәл осындай қызмет  түрін көрсететін ғимарат болған. Бір ұқсастығы, алғашқы ғимараттың иелері де  біраз адамды сазға отырғызып кеткен. Енді соңғы  аяқтар да,  солардың жолын қуып отыр.

-«Мен оларға  әуелі  кеңес алуға келдім. Ондағы мамандардан  алдыңғы қожайындар жайлы сұрағанымда, олармен ешқандай қатысы жоқтығын айтты. Уәждеріне риясыз көңілмен сендім. Осылайша, түрлі жеңілдіктер жүріп жатқанын хабарлап, өнімдерінің сапасын асыра мақтады. Ақыры не керек,  құжатқа өз еркіммен  қол қойып, қалай  келісім бергенімді аңдаусызда білмей қалдым»,-дейді қала тұрғыны Сәбина Махмудова.

Сұлуларды сапырған салонның есігінде қазір қара құлып тұр. Қызмет көрсетушілердің қалта телефоны өшірулі. Сан соққан жәбірленушілер  қалайда,  ақшаларын қайтаруды талап етіп жатыр.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың мәлімдеуінше, алаяқтардың жәбір көрушілерге  келтірген шығын мөлшері 25 миллион теңгеге жеткен. Тергеу бөлімі бүгінде  аталған салонның екі қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы, 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе кемі 250 миллион теңге айыппұл төлейді.

Тегтер: сұлулық салоны әдемілік бет күтімі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02