Сырғанақтан құлап омыртқасын сындырған әйелдің жағдайы айтылды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

21.12.2020, 12:15

1067

Жаңаарқа ауданында балаларымен бірге сырғанаққа барған әйел құлап, жарақаттанып омыртқасын сындырып алды. Инстаграм желісіне тараған бейнежазбада әйел адамның әзер тыныс алып жатқаны және балаларының жылап тұрғаны байқалады.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше.  әйел адам бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Жаңаарқа ауданы әкімшілігінің хабарлауынша, бұл сырғанақ орнын Жаңаарқа ауданы тұрғыны өз қаражатына жасаған.

«Тұрғындардың айтуынша, сырғанақ аса түзу болмай шыққан. Бұл сырғанақты елді мекен тұрғындарының өтініші бойынша, Д.Рахметуллин деген азамат өз қаражатына жасаған. Бүгінде бұл азаматқа  техникалық қауіпсіздіктің сақталу қажеттігі турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деп мәлімдеді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше бүгінде  сырғанақтың қисық тұстары түзетілген.

Айта кету керек, 19 желтоқсанда Алматы облысында сырғанақта тағы осындай қайғылы жағдай болған. Алматы облысы Көксу ауданындағы жеке меншік сырғанақта шанамен сырғанаған 10 жастағы қыз бала құлап мерт болған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тексеріліп жатыр. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32