«Тараз қант зауыты» қайтадан іске қосылды

Сайт әкімшілігі

11.12.2020, 16:06

325

«Казфосфат» ЖШС филиалы – минералды тыңайтқыштар зауытының әкімшілік ғимаратында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесуінде бірқатар мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары айтылды.

Осы жылдың шілде айында сегіз айлық үзілістен кейін «Тараз қант зауыты» қайтадан іске қосылды. Бұл туралы «Тараз қант зауыты» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Қайырбеков айтып берді. Ол сегіз айлық кідірістің себебін Ресейдегі қант қызылшасының бұрын-соңды болмаған өнімінің нәтижесінде қант бағасының төмендеуімен түсіндірді.

— Ресейлік 75 қант зауыты Қазақстан нарығында сауда жасайды. Олармен бәсекелесу өте қиын, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуына байланысты ондағы кәсіпорындар тиімді бағада ұсынады. Егер мемлекет бізге осы мәселеде көмектессе, біз ай сайын 400 миллион салық және 180 миллион кедендік баж салығын түсіре алар едік, — деп атап өтті Н.Қайырбеков.

«Talas Investment Company» ЖШС Бас директоры Ерлан Нұрханов былтырғыға қарағанда кәсіпорынның ағымдағы жылы өнімді жұмыс істеп жатқанын айтты. Соның арқасында өндірілген өнім көлемін ақшалай түрде бір миллиард теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік туған. Цианид калийі – бұл ерекше өнім десек, компания оны шығаруы мен сатуды сәтті жүзеге асыруда.

— Осыған байланысты құрылтайшылар кәсіпорынның екінші кезегінің құрылысын инвестициялау туралы шешім қабылдады, нәтижесінде компанияның қуаты екі есеге артатын болады. Аталған жобаны жүзеге асыру келер жылдың наурыз айына жоспарланған, — деді спикер.

Тараз металлургиялық зауыты да өндірісті кеңейту үшін қаржы құюға ниетті. «ТМЗ» ЖШС Бас директорының орынбасары Ғабит Сұлтанқұловтың айтуынша, қазір электрод массасын шығару цехын жаңғыртылуда.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев жыл басынан бері палатаға құқық қорғау бойынша 214 өтініш келіп түскенін айтты. Барлық өтініштер бойынша тиісті шаралары қабылданды, қорғалған бизнес-активтер мен мүліктің жалпы сомасы 320 миллион теңгеден асқан. Заңгерлер он сот процесіне қатысса, бүгінде олардың жартысында жеңіске жеткен. Стартаптар мен қолданыстағы бизнесті ілгерілету үшін палата кәсіпкерлікті қолдаудың барлық дерлік бағдарламаларын іске асырыпты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58