Тәуелсіздік күні бірқатар азаматтар марапатталды

Нұрболат ӘЛДИБЕК

16.12.2020, 15:04

222

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада тәуелсіздік алғалы жамбылдықтардың жеткен жетістіктері, өңірдің дамуы мен жыл бойында атқарылған жұмыстар жайында арнайы фильм көрсетілді.

Бұдан кейін, аймақ басшысы сөз алып, жамбылдықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

— Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын Қазақстан деген мемлекет пайда болды. Бүкіл дүние жүзі елімізді мойындады. Қазірде көк туымыз көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарда желбірейді. Осы жылдар аралығында еліміздің жеткен жетістіктерінің бірі ынтымақтық, татулық, бірлік, достық. Соның арқасында еліміз тұрақты өмір сүріп келеді. Өткен өмірден жақсы білесіздер, қаншама қиындықтар мен дағдарыстар болса да, жалақы тоқтамады, елімізде қазақстандықтардың тұрмысы жақсарды. Елбасымыз бізге бірінші — экономика керек, содан кейін барып — саясат деген. Соның бір дәлелі дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Ендігі мақсат дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Еліміздің экономикасын дамытып, халқымыздың тұрмысын жақсарту, — дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі экономикамыздың дамуына үлес қосып жүрген сан салада қызмет жасап, елге еңбегі сіңген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттап, «Құрмет», екінші дәрежелі «Достық, «Еңбек даңқы» ордендерін табыстады.

Ал, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ, пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін бірқатар азаматтар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Салтанатты шарада «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атағы 5 адамға берілді. Атақ алған азаматтар тізімінде Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері Асқар Мырзахметов те болды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01