Түгіскенде шынашақтай спорт саңлақтары шыңдауда

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.08.2021, 16:22

1002

Елдің  абыройын асқақтататын да, жігерін құм ететін сала -спорт екені аян.  Бірақ, қазақ оны тілге салғанымен, әлі де, санаға қондырмай келеді. Осылай деуімізге, күні кеше Токионың төрінде өткен әлемдік олимпияданың бізге таттырған ащы сабағы дәлел.  Қалай десек те, реформасы көп саланың реңі солғын тартқанына шын көз жетті.  Болар іс болды, бояуы сіңді. Енді өкінішке ұрындырған істен сабақ алып, амал-әрекет жасау міндеті тұр.  Осыны меңзеген Президент жауаптыларға жаңа тапсырма жүктеді. Анығын айтқанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытудың кешенді бағдарламасын қабылдау қажеттігін жариялады.

«Барлық жастағы тұрғындарға бұқаралық спорт түрін насихаттау керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымының барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Оның басында чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз»,-деді  президент.

Дегенмен, осы сипаттағы жасампаз жұмыстар аядай ауылда жарнамасыз жүргізіліп жатыр. Мәселен, Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылдық округінде осындай оңды бастаманың қолға алғанына 4 жылдың мұғдары болған. Халқының саны небары 2154 адамды құрайтын шағын елді мекенде қарсыласына қамшы салдырмайтын жолбарыстай қайратты жасөспірімдер өсіп жатыр. Өрендердің ойға алған арманын орындауға жергілікті кәсіпкер Қайрат Көпбаев мұрындық болған. Ауыл меценатының есімін иеленген  спорт кешенінде 45 балғын қазақша күрес, бокс және дзю-до күресінің қыр- сырын меңгеруде. Сайдың тасындай іріктелген арыны күшті, талантты жасөспірімдердің 11-і  спорт шеберлігіне үміткерлер. Келешегінен үкілі үміт күттіретін  өрендерді кәсіби маман Халиолла Әбенов жаттықтыруда.

-Кәсіпкер ініміз салып берген ғимарат құтты болып тұр. Кешеннің сыйымдылығы да көңілге қонымды. Ұзындығы-36 метр, ені-12 метрді құрайды. Осынау мүмкіндікке қол жеткізген шәкірттерім спорттың бір түрімен шектелмей, осынау өнердің өзге саласын жан-жақты меңгеруде.  Атап айтқанда, біздің кішкентай сұңқарлар гандбол,  баскетбол,  волейбол ойнап өз қабілеттерін шыңдап жүр. Шағын футболға ғимараттың 24 метрін қалдырдық, 12 метр аумақты күреске белгіледік. Жоспарға сәйкес, енді дзю-до күресін қоғамдық негізде өткіземіз. Ал, кешке қарай осы араға ауыл жастары жиналып, волейбол, шағын футбол ойнайды,-дейді самбодан қазақ күресі бойынша КСРО спорт шебері Халиолла Әбенов.        

63-жастағы атақты спорт жаттықтырушысы шәкірттерінің жеңісін тізбелеуді бізге қалдырды. Оғлан спортшының жас ізбасарларының 11-і күрестен, 1-уі дзю-додан Қазақстан құрамасына үміткерлер санатында. Танымал қарт бапкердің алдыңғы шәкіртінің бірі  қазір ұстазымен  ауыл жасөспірімдерін  байрақты бәсекеге дайындап жатыр.

-Өзім 2019 жылы Моңғолияда болған Азия чемпионатында, одан басқа да,  халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иемдендім. Енді міне, сол тәжребиемді өзімнің болашақ мұраттастарымның бойына дарыту үстіндемін. Осы уақыт аралығында он шәкіртім күрестен спорт шебері дәрежесін қорғады. Бірнешеуі облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанды»,-дейді «Қайрат» жасөспірімдер спорт кешенінің бапкері, күресші Нариман Ахметжанұлы.

Түгіскен ауылы да, асыл текті спортшыларды түлететін киелі мекенге айналғалы тұр. Бұған «Қайраттың» қырандай айрықша қанаттанған  дегдар шәкірттерінің  бүгінгі аяқ алысы айғақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 13:30
Мемлекеттік қызметшілер қандай төлемдер мен бонустар алады?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39