Тұрғындар талап-тілектерін онлайн жолдады

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:15

215

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындар инфрақұрылым, жер, заңсыз құрылыс жұмыстары секілді түрлі мәселелерін ортаға салды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Солардың бірі Чинара Абишева қала әкіміне Уәлиханов көшесінде орналасқан «Алатау» аялдамасының жай-күйін баяндады. Тозығы жеткен аялдамаға жөндеу және тазалық жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Мәселеге қаныққан қала әкімі тиісті сала басшысына аялдаманы жыл соңына дейін жөндеп, реттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, жеке қабылдауға келгендердің бірі — қаламыздың жанашыры, белсенді ардагер Жамбыл Мусуров бірнеше мәселені жеткізді. Әрбір сұрағына жауап берген Мұрат Дүйсенбекұлы нан сапасына қатысты мәселеде әкімдік тарапынан арнайы топ құрып, құрамына Жамбыл Мусуровты қосуды және нәтижесін тез арада баяндауды тапсырды.

Ал, Валентина Волынец Әл-Фараби ауданы Әбдіразақ көшесі №4 көпқабатты үйдің шатырын жөндеп беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі тұрғындармен кездесетін болды.

Онлайн қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселесі жеке талқыланып, қала әкімі өз бақылауына алғанын айтты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47