Туризм менеджерлеріне экскурсия ұйымдастырылды

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:38

233

Шымкентте туризм саласының мамандарына, гид – экскурсоводтарға және қаланың БАҚ-өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг — экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияға тарих ғылымдарының докторы ҰҒА академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог және тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылды.

Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағындағы Цитадельде болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты.

Одан кейін экскурсоводтар Қарашаш ана, Ибрагим ата және Мәртөбе секілді қаланың киелі орындарында болды. Бұл нысандардың Қазақстан тарихындағы маңыздылығы жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинар-тренинг барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, гид – экскурсоводтардың жұмысын жақсарту, MICE-индустриясының негіздері басқару және дестинация бірегейлігін тәжірибесін жетілдіру, халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тартудың әдістері, замануи трендер секілді тақырыптарда дәріс оқылды.

Айта кетейік, семинар-тренингті туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру мақсатында туризм басқармасы ұйымдастырған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15