ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИАСЫ - ГЕМЛИКТЕ

Сайт әкімшілігі

21.12.2021, 10:31

598

Анадолы спорт журналистері ассоциациясының 12-құрылтайы мен Анадолыдағы ақпарат құралдарының медиа форумы Түркияның Гемлик қаласында 10-12 желтоқсан арасында өтті. Шарада Анадолы спорт журналистер ассоциациясының атауы Анпдолы журналистері мен спорт тілшілері ассоциациясы боп өзгерді. Төраға Ибрахим Ердоған Ассоциациясының 9 жаңа мүшесімен кеңейтілген тізім арқылы бірауыздан қайта сайланды.

Бурсаның Гемлик ауданындағы “Atamer Doğa Resort” қонақүйінде өткен медиа форумға Түркия Республикасы Ұлттық Мәжіліс депутаты Атилла Сертел, CHP партиясы төрағасының орынбасары Сейіт Торун,  Гемлик қаласының губернаторы Мехмет Уғур Сертаслан, Нилүфер ауданының губернаторы Тургай Эрдем, саяси қайраткерлер, Түркияның барлық қала, аймақтарынан БАҚ өкілдері қатысты.Медиа форумда  “Түркі әлемі, Ататүрік және медиа” тақырыбына баяндамалар жасалды. Медиа форумға қазақстандық БАҚ делегациясын бастап барған Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Алаш арыстарының қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөлін айта келе, “Әлемдегі барлық ақпарат құралдары Ахмет Байтұрсынұлы үндегендей, “халықтың көзі, құлағы һәм тілі болуға міндетті”, — деді.

Н.Жоямергенқызы түркі әлемі журналистерінің бірлігін арттыру үшін кәсіби алаңда ортақ жобалар жасау, маңызды ақпараттарды бір біріне жедел жеткізу, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасу, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихын және түркі мемлекеттеріндегі танымал тұлғаларды БАҚ арқылы насихаттау туралы айтты.Өз кезегінде түркиялық журналистер Йүксел Байсал мен Нежати Картал түрік және әлемдік медианың жаңа үдерістері, бәсекеге қабілетті болу жолдары жайлы айтты.Шара соңында 2022 жылы жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38