Түркістан әуежайы туризмнің әлеуетін көтереді

Сайт әкімшілігі

24.02.2021, 22:44

270

«Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің есептік кездесуінде.

Облыс басшысының айтуынша, Түркістан қаласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың әкімшілік – іскерлік орталығында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылды. Ал, рухани-мәдени орталықта құрылысы жүрзілген 9 нысанның жетеуі пайдалануға берілді.

 Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат), желілік саябақтар, гүлзарлар,  Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегим кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған қоса, әкімшілік-іскерлік орталығында 28 гектар аумаққа Дендросаябағының құрылысы және 9  гектар аумаққа саябақтың жанынан жасанды көлдің құрылысы басталды.

Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір ірі жоба Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысын атап өтуге болады. Түркістан халықаралық әуежайы былтыр еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен техникалық іске қосылып, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы әуе рейсі ұша бастады. Бүгінде әуежайдан Нұр-Сұлтан және Алматы  қалаларына әуе рейстері орындалуда. Алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларына және шетелге әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Жеке салымшылар тарапынан «Керуен — Сарай» кешені, халықаралық стандартқа сай «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan», «НұрӘлем» қонақ үйлері сынды ірі жобалар салынып, оның  ішінде «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйлерінің құрылысы толық аяқталды. «Керуен — Сарай» кешені –көне шаһарға архитектуралық көрік беретін шығыс үлшігіндегі көп функционалды заманауи туристік жоба.

 Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, облыста алғаш рет 7 700 га аумаққа Жасыл белдеу құрылып, өткен жылы 2400 га аумаққа 1 млн — нан астам көшет отырғызылды. Жоспарланған меже биыл толығымен іске асады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58