Түркістан облысында үш ауысымды мектеп болмайды

Сайт әкімшілігі

11.03.2021, 20:25

228

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың жария еткен мәліметтеріне қарағанда, биыл өңірде 51 мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Есеп бойынша облыста 2 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы басқарма басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

-Сонымен қатар, 2021-2023 жылдар аралығында қалған 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталатын болады-деді басқарма басшысы. Оған қоса, осы жылы басқарма тарапынан үш ауысымға өту қауіпі бар мектептерге талдау жүргізіліп, аудан, қалада орналасқан 52 мектеп анықталып отыр.

Айта кетейік, облыс аумағында орналасқан 900 мемлекеттік мектептің 727-і ғимараты типтік, 173-сі ыңғайластырылған, сондай-ақ, облыс бойынша жалпы оқушы орнының тапшылығы 47 885 орынды құрап отыр. 2025 жылға дейін, оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында жалпы, сипаттағы трансферттер есебінен 107 мектептің құрылысын, мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 15 мектептің құрылысын, жекеменшік 27 мектептің құрылысын салу жоспарлануда.

Брифинг барысында, Рақымбек Қуатбекұлы өңірдегі «Мың бала» ұлттық олимпиадасы туралы да айтып өтті. Өткен жылы олимпиадаға 5 және 6-сынып оқушыларынан 800 бала қатысқан болатын. Бүгінгі таңда 10-нан астам оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуын жалғастыруда. Биылғы жылы олимпиадаға қатысушылардың саны 61 мыңға дейін өседі деп күтілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 14:45
"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді
Мариям МАҚСАТ 16.04.2021, 10:32
«Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
Нұрболат ӘЛДИБЕК 16.04.2021, 10:01
«Өз еркіңмен қызметіңнен кет деп жатыр»
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 15.04.2021, 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24