Түркістан Өзбекстанмен бірге балық шаруашылығын дамытпақ

Сайт әкімшілігі

21.11.2021, 20:58

31

Түркістан облысында балық шаруалылығы жақсы дамып келеді. Кәсіптік осы түріне қызығушылық білдірушілер жыл санап көбеюде.

 Кәсіпкерлер осы саладағы тәжірибесін көршілес өзбекстандық әріптестерімен бірге дамытпақ. Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Мақсат — балық шаруашылығын дамыту бойынша келіссөздер жүргізіп, тәжірибе алмасу.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабрлауынша, Р. Аюпов бастаған топ «Түркістан облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру және балық өнімдерін өндіруді арттыру бағытындағы жұмыстарды да негізге алып, бірнеше кездесу өткізді. Кездесулерге Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Инвестиция және экспорт басқармасы және «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның қызметкерлері де қатысты. Олар Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында болып, көрші елдегі балық шаруашылығы, өндірістік кооперация және өнеркәсіп аймақтарымен танысып, тәжірибе алмасты.

Облыс әкімінің орынбасары балық шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы мүмкіндіктер мен жоспарларды таныстырды.

Бүгінде Өзбекстан Республикасы балық шаруашылығы саласында елеулі табысқа жетіп жүр. Түркістан облысында да осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, Шардараның балық өнімдері шетелде сұранысқа ие.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30