«Turkistan» Төлебиде өндіріледі

Сайт әкімшілігі

05.03.2021, 20:18

170

«Turkistan» атауымен танымал бола бастаған шоколад Түркістан облысының Төлеби ауданында өндіріледі. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жуырда Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев арнайы жұмыс сапарымен ауданды аралау барысында аймақтағы іргелі өндіріс орындарының бірі — «Балмұздақ» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Онда балмұздақ цехында болып, алдағы даму жоспарларына қанықты. Цех 2012 жылы құрылған, негізінен балмұздақ өнімдері, тұшпара, шоколад және шоколад глазурін өндіреді. 2019 жылы шоколад цехы іске қосылып, жалпы 800 миллион теңге инвестиция тартылған.

Сонымен қатар, 2020 жылы балмұздақ өнімдерін арттыру мақсатында жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған. Бүгінгі күні кәсіпорында 210 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 60-70 мың теңге аралығында. Цех толық қуатында жұмыс істегенде жылына 2 950 тонна балмұздақ, 15 тонна тұшпара және 1 000 тонна шоколад өндіре алады. Бүгінде «Turkistan» атауымен арнайы брэндті шоколад өндіріп келеді. Кәсіпорын өндіретін өнімдер еліміздің барлық өңіріне шығарылады.

Аудан басшысы, кәсіпорынды аралау барысында жергілікті өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58