Түркістанда 25 тойхана жабылды

Б.СӘРСЕНБИ

05.08.2021, 12:59

1054

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны көбейіп, өңір «қызыл аймаққа» өтті. Бірақ соған қарамастан, той-жиын өткізу тоқтамай тұр. Осыған байланысты бақылаушы органдар қатаңдау шаралар қолдануға кірісті.

Облыста  карантин режимін бұзған 25 тойхананың жұмысы сот шешімімен бір айға тоқтатылды. Аудан-қалалардағы мобильді топтар шектеу шараларына мойынсынбаған тұрғындарға 3500-ге жуық хаттама толтырып, 200 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесовтің айтуынша, соңғы екі аптада аурушаңдық 2,5 есеге артқан. Үй карантиніне жатқызылған азаматтардың арасында жауапкершілікті сезінбей, қоғамға қауіп төндіріп жүргендер де жоқ емес. Мәселен, «Ashyq» қосымшасы арқылы коронавирус індетін жұқтырған 29 науқас белгілі болып, оларға әкімшілік шара қолданылған.

– Жыл басынан бері өңірде 5754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 12-сі қайтыс болды. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар екені белгілі болды. Сондықтан барлық азаматтарды вакцина алуға шақырамыз, – деді Б.Елемесов.

Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін  Түркістан облысының аумағында орналасқан 500-ден астам тойхананың барлығын енді полиция қызметкерлері күзетеді. Осындай тапсырманы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімдіктің апталық отырысында берді. Облыс басшысы пандемиямен күрестің негізгі жолы – вакцинациялау барысын бақылауды, мобильді  топтардың жұмысын күшейтуді  тапсырды.  

 – Әр тойхананың алдына бір-бір полиция қызметкерін қою керек. Бұл да аурудың таралуына жол бермеудің тиімді тәсілі болатын шығар. Күрестің осы жолын да көру керек. Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін  жан-жақтан күрес күшейтілсін, – деді өңір басшысы.  

Карантин режимі талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтардың мониторинг жұмыстары күшейтілді. Нәтижесінде соңғы аптада 115 тыйым салынған отбасылық мерекелік іс-шаралар анықталған.   COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 10 мың адамға жуықтады. Соңғы  аптада тіркелген 1000-ға жуық жағдайдың көпшілігін белсенді жастағылар (20-49) құрайды. Пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандардың 30 пайыздан астамын науқастармен қарым-қатынаста болғандар, 60 пайызға жуығын ЖРВИ/пневмония диагнозымен және стационарларға жоспарлы шұғыл жатқызылғандар, мемлекеттік шекарадан өткендер және ірі кәсіпорын жұмысшылары, вахташылар құрайды.  

Дегенмен  басқосуда белгілі болғандай, Түркістан өңірі күнделікті тіркеліп отырған науқастар саны бойынша республикада төмен көрсеткіште. Соңғы тәуліктерде облыс қайтадан «сары аймаққа» өтті. Ал коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны жоғары деңгейде. Бүгінгі танда вакцина салу шаралары 141 пунктте жүргізілуде. Олар 109 термоконтейнермен қамтамасыз етілген. 80 көшпелі егу бригадасы жұмыс істеуде. Өңірге вакцинаның 610 мыңға жуық дозасы жеткізілген. Бірінші компонент 583 мыңдай адамға (95 пайыз), екінші компонент 404 мыңға жуық адамға (77 пайыз)  егілген. Жыл басынан бері облыс бойынша жасақталған  127 мобильді топ 190 мыңнан астам нысанды аралаған.

Карантиндік жағдайға байланысты Түркістан қаласында сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктер мен базарлар жұмысын тоқтатты. Саябақтар да уақытша жабылса, туристік нысандар карантин талаптарын сақтай отырып, жұмысын қалыпты жағдайда жалғастыруда. «Керуен-сарай» кешені келушілерді қабылдайды, бірақ ондағы қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.

Жалпы, өңірде 2060 инфекциялық және 300 карантиндік, сондай-ақ 315 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39