Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Сайт әкімшілігі

01.12.2021, 15:20

552

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекелік жиында  сөз алған Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков:

«Әрбіріңізге артылған сенімге селкеу түспеуі керек. Киелі өңірдің тәртіп сақшысы екенімізді үнемі сезініп, соған лайық,  адал әрі жауапты болайық! Әрқашан бейбіт күнде бірлікте өмір сүре берейік!» — деп, өздерінің қызметтерін адал атқарған бірқатар тәртіп сақшыларына тиесілі марапаттарын ұсынды.

Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет Грамотасымен Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Мұрат Ермеков, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, Штаб басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Қасымхан Жакипов, Арыс АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рахымжан Шекербеков,  Отырар АПБ ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Арман Орымбай  марапатталды.

ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісін Отырар АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Ердәулет Амантаев, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасын Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Сәкен Қожамұратов, Созақ АПБ кезекші бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ермахан Бимаханов иеленді.

Сонымен қатар ҚР ІІМ Алғыс хаты  полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов, полиция майоры Эльдор Зайнутдинов, полиция майоры Нұрлан Әбдиев, полиция майоры Әлімжан Ерсариев, полиция капитаны Бексар Жолбарысов, полиция майоры Тимур Арипов, полиция майоры Амангелді Ибраймов, полиция майоры Нұрсұлтан Көлбаевтар мен 14 қызметкерге берілді.

Ал Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Сәрсеков,  Алғыс хатымен полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова марапатталып, полиция лейтенанты Төребек Молдаш пен 8 қызметкерге алғыс жарияланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48