Түркістанда Дарын мектебі салынуда

Сайт әкімшілігі

20.11.2021, 21:03

134

Апатты және үш аусымды мектептің мәселесін шешу мақсатында биыл Түркістан өңірінде 78 мектеп құрылысы жүргізілуде. Айта кету керек, бұл – еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.

 2025 жылға қарай облыста 130 жаңа мектеп салу жоспарланған, оның ішінде биыл 47 мектеп салынады. Бүгінгі таңда 42 мектептің құрылысы аяқталды. Оның жартысына жуығы – жекеменшік мектептер.  Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев білім саласындағы осындай жаңалықтармен бөлісті.

«Бағдарлама аясында жыл сайын 108 мектеп жаңғыртудан өтеді. Тереңдетілген бағытта білім жүйесін дамыту мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен 4 Binom School мектебі салынады. Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталды. 700 оқушыға арналған оқу ғимараты, 500 орындық жатақханасы бар «Дарын» мектеп-интернатының құрылыстары жүргізілуде», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімінің айтуынша, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 906 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 559 мектептің бейне камерасы полицияның жедел басқару орталықтарына интеграцияланды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Облыстағы 945 мектепте 510 мыңға жуық бала оқиды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20