12.05.2021, 21:51
327
Түркістан облысында COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырғандардың саны 140 мыңға жуықтады. Соңғы тәулікте 6680 адам екпе қабылдаған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде 22 ақпаннан бастап екпенің екінші компонентін 28 315 адам қабылдаған. Олардың ішінде 14 мыңнан астам медицина мамандары, 9 мыңнан астам мұғалімдер, 400-ден астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Облыстың 934 тұрғыны отандық QazVac-ты салдырған. Енді өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat-Vax вакциналарын қабылдай алады. Жаңадан жеткізілген Hayat-Vax — қытайлық технологиямен өндірілген араб вакцинасы.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 34 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,61 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 598-і бос.
Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4901 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 5523 жағдай тіркелді. Олардың 3569-да ауру симптомсыз өткен болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР