Түркістанда ерекше театр ашылады

Сайт әкімшілігі

25.03.2021, 10:35

157

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев демалыс орталығының ашылуға дайындық барысымен танысты. Жоба авторларының айтуынша, қиял-ғажайып орталық Самұрық құстың жұмыртқасы туралы халық аңызына негізделген. Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады. Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі. Шығыс үлгісінде салынған кешен – киелі шаһарға келетін меймандардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығы  аумағында  әкімшілік ғимараттар мен көпқабатты 24 үйдің қасбеттерін бір үлгіде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы ғимараттардың айналасы көгалдандырылып, жарықтандырылуда.

Қаланың басты көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Ясауи кесенесінің алдында ерекше жарықшамдар орнатылды. Минскіден арнайы алдырылған ағаш кейпіндегі бақша жарықшамдары түнде айналаны сан алуан түске бөлесе, күндіз салқын су шашып, аптап ыстықтан қорғайтын болады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы қарқынды жұмыстардың барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. «Дендросаябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сонымен қатар «Жібек жолы» саябағы, Б.Саттарханов бойындағы «Желілік саябағы» әсемделіп, қонақ үйлер жарықтандырылады. Облыс басшысы Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен тұрғындардың күштерімен жүргізіліп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 15:52
«Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағы аумағында құрылған ірі бітімгершілік күштердің бірі»
М.СӘУЛЕБЕК 14:15
Министр штаб отырысын Шымкентте өткізді
Б.СӘРСЕНБИ 12:59
Түркістанда 25 тойхана жабылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:18
Қашпаған сиырдың уызынан дәметіп отырмыз
Сайт әкімшілігі 04.08.2021, 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.08.2021, 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58