Түркістандық дәрігерлер күрделі ота жасады

Сайт әкімшілігі

24.04.2021, 02:36

518

Түркістан облыстық Фтизиопульмонология орталығында туберкулез спондилиті  диагнозы қойылған науқастарға күрделі ота жасалды. Орталықта Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығының  дәрігері Серік Тұтқышбаевтың қатысуымен өкпеден тыс сүйек буын туберкулезіне ота жасалып, мастер класс өткізілді.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші ота Облыстық Фтизиопульмонология орталығында 46 жастағы  азаматшаға жасалынған. Оның науқастанып жүргеніне 7 ай болған және аяқтары істен шыққан. Екінші ота  38 жастағы азаматқа жасалды. Науқастарға Тһ8-9 және  Тһ11-12  туберкулезді  спондилиті белсенді сатысы диагнозы қойылған. Олар күрделі ота жасау алдында 20 күн ем қабылдаған. Айта кетейік, науқастар бір тәулік ішінде жансақтау  бөлімшесінен хирургия бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгінде емделушілерде ауру сезімі басылып, аяқтарында қимыл пайда болған.

«Сүйек-буын туберкулезімен ауыратындардың 70 пайызға жуығы хирургиялық көмекке жүгінеді, яғни оларға операция жасалады. Туберкулездің дәріге сезімтал, дәріге төзімді түрлері бар. Қазір 60-63 пайызға дейін туберкулездің төзімді түрін анықтап жатырмыз. Соған тиісті дәріні тағайындаймыз. Себебі бұл кезде емнің тиімділігі артады. Сондықтан туберкулезді ерте анықтауды мақсат етеміз»,- дейді Түркістан облыстық фтизипульмонология орталығының бөлім меңгерушісі Қуаныш Амиров.

Түркістан облысында жылына шамамен 10-15 туберкулезді  спондилиті  диагнозы бар науқастар  Ұлттық фтизиопулмонология ғылыми орталығына жолдама алады. Бұл ауру тек ота арқылы емделеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58