Түркістандық дәрігерлер Түркияға кетті

Сайт әкімшілігі

15.03.2021, 09:23

655

Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни 5 дәрігер және 5 фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды емдеуге даярлау.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  біліктілігін шыңдау үшін Түркия еліне кеткен арнайы топ Түркістан, Кентау, Ордабасы станцияларының медициналық қызметкерлерінен жасақталды. Олар осы елдегі көптеген медицина мекемелерінде болады.

Жиналған тәжірибе өңірдегі жедел медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Жыл соңына дейін тағы бірнеше топты шет мемлекеттерде оқыту жоспарланып отыр. Жалпы, өткен жылы Түркістан облысының ауруханалары мен емханаларында еңбек ететін 3 мыңға жуық медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48