Түркістандық полицейлер атқа қонды

Сайт әкімшілігі

15.12.2021, 03:28

2253

Түркістан облысында 8 атты полицейі жол бойын қараусыз жүрген малдардан тазартуда.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданында күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырады. Бүгінде 8 полиция қызметкері атқа мініп, Қазығұрт ауданын кесіп өтетін Алматы-Термез-Ташкент  республикалық маңызы бар тас жолда қызмет етеді. Олар жолдың маңайындағы жайылып жүрген және жолға шығып кеткен малдарды айдап, болуы мүмкін келеңсіз жәйттардың алдын алады. Сонымен қатар үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, иесіз жайылып жүрген малдарды қамау орындарына алып барады.

Бүгінде қараусыз жүрген 40 мал иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» бойынша  тиісті шаралар көрілуде. 

Тегтер: полиция шара жоспар мақсат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 19:42
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 11:45
СҚО-да азық-түліктің қымбаттауына байланысты балабақшаларда балаларды тамақтандырмайды
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 20:21
Қонаев қаласында Алматы облысы активінің отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 02.08.2022, 09:29
Қазақстанда бір тәулікте екі мыңнан аса COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.08.2022, 09:03
Жастар әкіммен жүздесті

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40