Үміткерлер жұмысшылармен кездесті

Сайт әкімшілігі

28.12.2020, 10:23

640

«Nur Otan» партиясының басты мақсаттарының бірі — әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болуына жұмыс жасау. «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

    Осы орайда, «Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихатқа үміткерлер Кенжебаев Ахан, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Меңдібаева Ұлмекен, Жылқыбаев Батыржандар Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ақниет» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.  Келелі кездесу барысында еңбек ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 2021  жылы 10 қаңтарға болатын сайлауға белесене қатысып, партиялар арасындағы додада 20 жылдан аса өзіндік тарихы бар, халықтың пікірімен санасатын, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген «Nur Otan» партиясын қолдауға үгіттеді. Еңбек ұжымы тарапынан жол, жарық, жұмыссыздық сынды көкейкестті мәселелер көтеріліп, үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар берілді. Атап айтар болсақ, 2023-2024 жылдары Жалағаш кентінде және Мақпалкөл ауылында орналасқан бала-бақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге, 2025 жылға дейін көше жарықтарын орнатуға, 2025 жылға дейін елді мекенішілік жолдары орташа жөндеуден өткізуге ықпал жасайтықтарын жеткізді.  Сондай-ақ, үміткерлерге бағытталған сауалдарға жауап беріп, сайлауда аталмыш партияны қолдауға үгіттеді.

Тегтер: партия сайлау насихат саясат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды
Гүлнар ДҮЙСЕБАЙ 14.10.2021, 10:56
Даланың дана диқаны

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29