Урбанистика департаменті 8 жобаны қолға алды

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 13:20

206

Шымкент қаласында биыл мамыр айында «SHYMKENT» ӘКК» АҚ базасында урбанистика департаменті құрылған болатын.

Қазіргі уақытта аталған  департамент қаланың жан-жақты талдауы мен зерттеулерін жүргізуде даму мен өзгерісті талап ететін әлеуметтік маңызы бар учаскелерді анықтады. Бұл бағытта 8 жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы саябақты қалыпқа келтіру, Т.Рысқұлов көшесінде, «Север» СО ауданында (Ж. Шаяхметов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер қоғамдық кеңістігін құру, Жангелдин көшесіндегі «Отбасы аллеясында» Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру, Жайлау шағын ауданындағы «Әз Наурыз» саябағын жаңарту, Темірлан тас жолы аумағы (Қажымұқан мен Махамбет көшелерінің арасындағы сквер) бойынша эскиздік жобалар жасалынды.

Сонымен қатар, Мәделі қожа көшесі бойындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру мен Бәйдібек би көшесі (4 шағын аудан) бойында гастрономиялық кластерді абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырмақ. Аталғандар негізінде эскиздік жобалар дайындалды. Одан өзге, Бәйдібек Би даңғылы бойында «Ипподром» аялдамасынан «Қайнар» аялдамасына дейін жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын құру мен Абай саябағын жандандыру мәселесі де шешімін таппақ.

Айта өтейік, Урбанистика департаментінің қызметі қаладағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаларын құруға, барларын жақсартуға және жаңартуға бағытталған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15