30.11.2020, 10:18
571
Батыс Қазақстан облысында «Волга» және Lada Granta көліктері соқтығысып жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды «Мой город».
Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолының 16-шы шақырымында сағат 15.46-да болған.
«Лада» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды (30 жастағы және шамамен 40-50 жастағы ер адамдар мен 52-дегі әйел).
Осы көліктің тағы екі жолаушысы мен «Волганың» жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел комаға түсті. 69 жастағы ер адамның миы шайқалған, 17 жастағы жасөспірімнің қолы сынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР