Үшінші мегаполис екінші толқынға дайындалып жатыр

М.СӘУЛЕБЕК

17.09.2020, 09:48

708

Үшінші мегаполис екінші толқынға дайындалып жатыр

  Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған науқастар азайып келеді

«Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ. Яғни бұл қаладан коронавирус жұқтырған науқас табылмады деген сөз. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында бір оқиғадан ғана тіркелді. Бұл бізді қуантпай қоймайды. Бұл осы өңірлердегі тұрғындардың қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптарды сақтағанын, бір-біріне құрметпен қарағанын білдіреді. Және осы тұрғындар еліміздің өзге де аймақтарына үлгі болады деп үміттенеміз», – деді  денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күреске қарсы шараларды жүргізуде. Мамандардың болжамы бойынша, індеттің екінші толқыны болуы ықтимал. Сондықтан да осы дертке медицина мамандары төтеп бере білуі керек. 

Осы мақсатта қалада инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар, меншік нысанына қарамастан, барлық бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелер  арасында  оқу-жаттығу шаралары басталды.  Шара аясында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «112» құтқару қызметінің жұмысымен танысып, мамандарға табыс тіледі.

Оқу-жаттығу барысында науқастың «103» пультіне түскен шақыртуынан бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі  бағытының бастан-аяқ алгоритміне баса назар аударылды. Жедел медициналық көмек шақыртуының төрт санаты бойынша медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмдері пысықталады. Сондай-ақ медициналық персоналға шартты науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, провизорлық стационарға тасымалдану жолдары  назарға алынбақ.

Оқу-жаттығу барысында емханалардың мобильді бригадаларының іс-әрекеттері және қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияға тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқу-жаттығу жұмыстарына 36 ұйым, тоғыз диагностикалық орталық, жеті зертхана жұмылдырылды.

COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу «Асар» шағынауданындағы қалалық жұқпалы аурулар орталығында жалғасты.

Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап, 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Шымкент қаласының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантиндік шектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес,  қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндерімен қоса, сенбі күні де жүруіне рұқсат берілді. 

Жалпы, Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Соңғы тәуліктерде коронавирус жағдайы тіркелмеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әбішевтің айтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 400 төсек-орын бар. Оның ішінде 335  орын бос. Жүктеменің төмендеуіне байланысты жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін азайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27