Үздік мәдени мекемеге автокөлік табысталды - Алматы облысы

Сайт әкімшілігі

21.05.2021, 16:15

472

Бүгін Талдықорған қаласындағы Б. Римов атындағы драма театрында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алматы облысының «Алатау Әуендері» концерттік ұйымы аймақтағы ең жақсы мәдени мекеме марапатын алды. Сыйақы ретінде командаға KIA Rio автокөлігінің кілті табысталды. 

Алдымен облыс әкімі мен салтанатты шараның қонақтары фойеде ұйымдастырылған аймақ мәдениеті саласындағы жетістіктер көрмесімен танысты. Содан кейін дирижердың жетекшілігімен әйгілі күйші Секен Тұрысбеков, «Ақ жауын» камералық оркестрі театр сахнасында «Көңіл толқыны» күйін орындады.

Құттықтау сөзімен сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов өнердің қоғам өміріндегі, рухани жетілу мен білім берудегі ерекше рөлін атап өтіп, маңызды оқиғаларға тоқталды, сонымен қатар мәдениет саласын қолдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты:

— Биылғы жылы облыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Талдықорған қаласының Алматы облысының облыс орталығы мәртебесін иеленуінің 20 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы және Жолбарыс бидің 350 жылдығы, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің 95 жылдығына арналған түрлі мәдени шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Біздің облыстың мәдениет қызметкерлері, ортақ іске өз үлестеріңізді сіздер де қосыңыздар. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Осы мерекеде сіздерге шабыт, сарқылмас күш пен жаңа жетістіктер тілеймін», — деді облыс әкімі ең үздік мәдениет қайраткерлерінің, талантты әртістер мен ұжымдардың аттарын атап өтті, олардың есімдері түрлі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі жеңістерінің арқасында кең танымал болды.

Іс-шара сала қызметкерлерін марапаттаудың салтанатты рәсімімен жалғасты.

Жыл қорытындысы бойынша 14 номинация бойынша үздік қызметкерлер мен мәдениет мекемелері анықталды. Мысалы, Жамбыл аудандық мәдениет үйі «Үздік мәдениет үйі» номинациясын жеңіп алса, Текелі қалалық кітапханасы «Үздік кітапхана» номинациясын жеңіп алды. Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы «Үздік музей», ал Іле ауданының үлгілі «Элегия» вокалды ансамблі — «Үздік фольклорлық ұжым» деп танылды. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының Мемлекеттік «Алтынай» халық биі ансамблінің балет әртісі Гүлнұр Қаржаубаева «Үздік биші» деп танылды, ал филармонияның солистері Сая Есенгелдинова мен Александра Ревкова «Үздік дәстүрлі әнші» және «Үздік әнші» номинациялары бойынша бас жүлдені алды. Сондай-ақ «Үздік аспапшы», «Үздік қолөнерші», «Техникалық жабдықтаудың үздік қызметкері», «Үздік театр суретшісі», «Музейдің үздік қызметкері» номинацияларының жеңімпаздары атап өтілді. Барлық жеңімпаздарға арнайы статуэткалар мен әрқайсысы 100 мың теңгеден тұратын сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, Алматы облысында биыл мәдениет саласын дамытуға облыстық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда мұрағат және мәдениет мекемелерінің саны 585-ке жетті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 12 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, 481 млн.теңгеге материалдық-техникалық база жаңартылды. Алматы облысының дамуына үлес қосқан жергілікті жазушылардың кітаптары мен балаларға арналған кітаптар шығаруға, сондай-ақ ұйымдарға қажетті кітаптар сатып алуға 67 миллион теңге бөлінді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02