«Янайкино» бренді пайда болмақ

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

28.09.2021, 12:46

919

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында осыдан біраз жыл бұрын үлкен мал бордақылау кешенінің құрылысы басталған болатын. Алайда Янайкин ауылы маңынан салына бастаған, «Батыс Crown» деп аталған кешеннің құрылысы о бастан оқсамады. Ақыры жартылай бітіп, біржолата тоқтап қалды. Алақандарын ысқылап, екі қолға бір күрек іздеп жүрген ауыл адамдарының жақсылықтан күдері үзілуге шақ қалған уақытта шам түбінен сәуле көрінді.

Қаңтарылып тұрған сақалды құрылысты  «Ақ Орда Capital» серіктестігі қалпына келтірді. Енді мұнда дайындалған өнімдер «Янайкино» брендімен нарыққа жол тартпақ. «Ақ Орда Capital» ЖШС басшысы Роман Гуссамов мал бордақылау кешенін 2020 жылдың мамыр айында сатып алған. Бірден іске кіріскен кәсіпкер бір жылдың ішінде кешендегі барлық құрал-жабдықты өз қаржысына жаңартқан.

– Германиядан мал соятын, ет өңдейтін жабдықтар әкелдік. Жаңа тракторлар сатып алдық. Енді шұжықтың көптеген түрлерін жасайтын желіні күтіп отырмыз. Облыс, аудан әкімдіктері шабындық жер берді. Шөп шауып, жеткілікті көлемде мал азығын әзірледік. Күні бүгін жергілікті тұрғындардан мал сатып алудамыз. Жыл соңына дейін алынатын мал басын 4000-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Кешен толық қуатында жұмыс істеу үшін көршілес Ресей губернияларынан мал сатып алуды қолға аламыз, – дейді серіктестік басшысы Роман Гуссамов.  

Мал бордақылау кешенінде қазір 65 адам еңбек етуде. Оның 27-сі Янайкин ауылының тұрғындары. Серіктестік басшылығы болашақта облыс орталығы мен Ақсай қаласынан ет, сүт, тауық өнімдерін және шұжықтар мен тәттілер сататын сауда орнын ашуды жоспарлаған. Өнімдер «Янайкино» брендімен сатылымға шықпақ.   

         Кешен жұмысымен танысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев БАҚ өкілдеріне алған әсерін айтып берді. «Бес жыл жұмыс істемей, қаңтарылып тұрған мал бордақылау кешеніне жаңа инвестор тарттық. Оның біраз жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Билік тарапынан да кешеннің жұмысы жанданып кетуі үшін қолдау көрсетілді. 30 мың гектар шабындық жер бердік. Қазір серіктестік халықтан еттің әр келісін 1050 теңгеден сатып алып отыр. Бұл облыстағы шаруа қожалықтары үшін тиімді. Келер жылы бордақыға тұрар мал басын 8000-ға жеткізбекші. Оның 4000-ы өзімізден алынады. Бастамалары жаман емес», – деді өңір басшысы.

         Айта кету керек, Янайкин ауылында бала санының өсуіне байланысты орта мектеп ғимараты тарлық ете бастаған екен. Бастауыш сынып оқушылары балабақшада оқуға мәжбүр болған. Бұл мәселе былтыр шешімін тауып, мектеп жанынан екіқабатты қосымша ғимарат құрылысы қолға алыныпты. Ғали Есқалиев оны арнайы барып көрді. Қазір мектепте 170 бала оқиды. Оқушы саны жыл санап артуда. Жыл аяғына дейін құрылыс аяқталады. Қосымша ғимаратта акт залы, асхана және тоғыз кабинет болады.

Мектептен бөлек, ауылға таза ауызсу өткізіліп жатыр. 294 абонентке су беру үшін сыйымдылығы 300 және 200 текше метр болатын қос резервуар салынған. Құбырларды төсеу, екі ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Су құбырының жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайды.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:00
Байбек Nur Otan-ды ел мемлекеттілігінің қоғамдық-саяси тіректерінің бірі деп атады
Сайт әкімшілігі 11:00
Қарағанды облысында ірі қарадан аусыл шықты
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына қоры" халықты жарылқай ма?!
    17.01.2022, 09:12
  • Жағдай күрделі. Соңғы тәулікте 11,5 мың адамнан коронавирус анықталды
    17.01.2022, 09:03
  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30