Ысқақовқа кесілген үкіммен қорғаушы келіспейді

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

14.12.2020, 09:59

1523

Жылдың маңызды оқиғасына айналған іске осылайша нүкте қойылды.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Абдуллажан Сайдуллаев ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен айыпталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа және ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігімен, 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен айыпталған әкімнің бұрынғы орынбасарлары Мұрат Имандосовқа, Марат Делмұхановқа және кәсіпкерлер Жеңісбек Искаковқа, Азат Досмаиловқа қатысты шыққан сот үкімінің мән жайын айтып берді.

Қылмыстық материалда сотталушы Қ.Ысқақов жауапты мемлекеттік лауазымды атқара тұра, қызметтік өкілеттігін пайдаланумен бірге адамдар тобының алдын ала сөз байласып аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғаны анықталған. Сондай-ақ, бұрынғы әкімнің орынбасарлары М.Имандосов және М.Делмұхановта бөтеннің мүлкін жымқыруға, кедергілерді жоюға көмектесіпті.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар «Сыр Мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорының есеп шотына 2019 жылдың 24 маусымында ҚР ҚМ №44856 әскери бөлімінің қоймасында оқ-жарақтардың жарылысы салдарынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған 80 млн. теңге қайырымдылық қаражаттарды төрт ЖШС пен ӨҚ-ның есепшоттарына 20 млн. теңгеден аудартқызып, қаражатты қолма-қолға айналдыру арқылы жымқырған.

Сот қорытындысы куәгерлер мен жәбірленушінің және М.Делмұханов пен М.Имандосовтың берген айғақтарының негізімен бекітілген. Сонымен қатар, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен қордан ЖШС мен ӨК шоттарына ақша аударғанын растайтын төлем құжаттары, ақша қаражатын аудару, оны қолма-қол ақшаға айналдыру және 68 млн. теңгені пайдаланғанын растайтын жалған құжаттар дайындау туралы сөйлескен сөздері тіркелген.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық қудалау органына 150000 АҚШ доллары тапсырылғаны, оның басқа сотталушылармен жүргізілген әнгімелері жазылған аудио-бейнежазбалары ұсынылып, ол үкім қабылдау барысында негізге алынған. Барлық дәлелдер заң талаптарына сәйкес жиналды», — деді судья А.Сайдуллаев.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушылар Қ.Ысқақовты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен 8 жыл бас бостандығынан айыруға, М.Имандосов пен М.Делмұхановқа ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігінің, 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен 7 жылдан бас бостандығынан айыруға, Ж.Искаков пен А.Досмаиловқа 6 жылдан бас бостандығынан айыруға жаза тағайындау, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге сұраған.

Сот талқылауында сотталушылар кінәсіз екендерін көрсетіп өздеріне тағылған айыптауды толығымен мойындамай, ақтауды сұраған.

Сот үкімімен сотталушы Қ.Ысқақовқа ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, ұлттық басқарушы холдингтерде, квазимемлекеттік компаниялар мен даму институттарында басшылық және қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Экс-әкім жазаны қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. 

Ал бұрынғы орынбасарлары Мұрат Имандосов пен Марат Делмұхановқа алты жылдан жаза кессе, кәсіпкерлер Жеңісбек Искаков пен Азат Досмаилов бес жылдан бас бостандықтарынан айрылды.

Жалпы осы істе 10 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жоғарыда аты аталған бес сотталушыдан өзге, бұл қылмысқа бес кәсіпкер және Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы да араласқан. Бірақ олар жасаған істерін мойындап, шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық тергеу жұмыстары тоқтатылды», — деп атап өтті судья.

Осыған орай Қ.Ысқақовтың адвокаты Жалғас Асқаров сот үкімінде тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Ол аппеляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

«Біз судьядан Қуаншыбек Ысқақовты ақтауды сұрағанбыз. Оның қылмысы дәлелденбеген. Көптеген қылмыстық процессуалды заңнамалардың талаптары бұзылғаны бар. Бұл түпкілікті шешім емес. Дәлел жоқ. Біз өз позициямызда қаламыз. Ары қарай шағымданамыз», – деді қорғаушы Ж.Асқаров.

Тегтер: сот жүйесі заң заңсыздық бітім береке ақсақалдар алқасы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32