Заңға бағынбағандар жазаланады

Миуа БАЙНАЗАРОВА

10.09.2020, 04:15

427

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеулер енгізіліп, ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдет-ғұрып шаралары және т.б.) барлық жиындарға тыйым салынған болатын.

Дейтұрғанмен аталған шектеулерді бұзатындардың қатарынан карантин талаптарының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де кездесуде.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шектеулерді сақтамаған Шиелі ауданы әкімдігінің төрт қызметкерінің тәртіптік істері қаралды.

Тәртіптік істерді қарауға Youtube сайтында жарияланған бейнежазба негіз болды. Бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бірнеше әкімдік қызметкерінің карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, тойлап жатқаны жарияланған. Әкімдік қызметкерлері карантин талаптарын сақтамай, өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтар тарапынан сыни пікірлердің туындауына себепкер болған.

Тәртіптік істердің материалдарымен танысқан әдеп жөніндегі кеңес мүшелері карантиндік шектеулерді сақтамай, Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына сөгіс берілгені дұрыс деп тапты.

Ал туған күн кешіне қатысқан аудан әкімі аппаратының бас маманына, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасарына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманына ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жөнінде шешім етті.

 Сондай-ақ карантин талаптарын сақтамағаны үшін Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық округінің әкімі де тәртіптік жазаға тартылды. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қандөз ауылдық округі әкімінің тәртіптік ісі қаралды.

       Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында фейсбук әлеуметтік желісінде «Мемлекеттік қызметкерлерге жаза жоқ па?» атты сыни жазба жарияланғанын анықтаған.

Нақтырақ айтқанда, ауылдық округ әкімі карантин режиміне қарамастан, табиғат аясындағы демалыс орнына көпшілікпен барып, санитарлық талаптарды сақтамай, қоғам тарапынан сынға іліккен.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік істі қарап, карантиндік шектеулерді сақтамай, Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Қандөз ауылдық округінің әкіміне ескерту тәртіптік жазасын беруді ұсынды.

Тегтер: заңсыздық карантин індет коронавиурс мәселе той-томалақ

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:32
Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12:03
Қараусыз қалған аулалар, қоқыс басқан Қарағанды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:58
Ермекбаев айтқан «диверсия» дәлелденді ме?
Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 03.08.2021, 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 03.08.2021, 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58