Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

03.12.2021, 14:24

1120

 Ай сайынғы еңбекақысы 2 миллионға жетіп қалған облыс әкімдерінің жалақысы талай қазақстандықтың арманына айналып, түн ұйқысын төртке бөлді. Мұндайға «Байдың асын байғұс қызғанады» деген мәтелді қолданғың келмегенмен, ащы шындық осы болып тұр. Дегенмен халықта қызғаныштан гөрі қарапайым жұмысшы мен лауазымды тұлғаның жалақылары арасында миллион теңгеден асып жатқан айырмашылықтың барына таңданыс пен «әттеген-ай» көп.

  Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттар алаңында өңір дамуына қатысты журналистер алдында есеп берді. Аймақ басшысы Қарағанды облысында жаңадан ашылған кәсіпорындарды таныстыра келе, тұрғын үй құрылысын салу көрсеткішінің соңғы жылда рекордтық көрсеткішке жеткенін тілге тиек етті. Әкім есеп беруін аяқтаған кезде журналистер қауымы сұрақ жаудырды. Журналистердің бірі: «Сіздің жалақыңызды бұған дейін баспасөз қызметіңіз  1 млн 900 мың теңге деп көрсеткен болатын, ал қарағандылықтардың басым бөлігінің алатын жалақысы 145 мың теңгені құрайды. Лауазымды тұлғалар мен қарағандылықтардың жалақысы арасында үлкен айырмашылық бар деп ойламайсыз ба?» – деген сауал қойды. Облыс әкіміне, әрине, бұл сауал ұнаған жоқ, дегенмен «облыс тұрғындарының орташа жалақысы – 240 мың теңге» деп сырғақтата бастады. Журналист «мен орташа жалақыны айтып тұрған жоқпын, қарағандылықтардың көбісінің алатын жалақысы 145 мың теңгені құрайды» деп, әкімнің сөзін бөлді.«Біздің жалақымыздың көлемін осы жылдың ортасында өзгерткен болатын. Ол жалақыны әкімдік бекітпейді, оны жоғарғы орган солай шешті, сондықтан бұл сауал маған бағытталмауы тиіс. Негізінен, Қарағанды облысы басқа өңірлерге қарағанда, жалақысы жоғары аймақ болып саналады, өйткені бізде жоғары жалақы алатын металлургтер мен кеншілер бар. Сіз айтқандай, шынымен де, жалақысы 140 мыңды құрайтын маман иелері бар екені рас.  Дегенмен біз жалақысы жақсы болатын жұмыс орындарын ашуға тырысамыз», – деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Тегтер: әкім жергілікті әкімдік жалақы мансап

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49