Жалған вакцина құжатын жасау тыйылар емес

Сайт әкімшілігі

13.09.2021, 08:36

630

Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцина паспортын жасап келген 54 жастағы дәрігер ұсталды.

 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жалған вакцина паспорттарын жасаумен айналысқан дәрігер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері ақша табу үшін заңсыз қадамға барған. Белгілі болғандай, ол тұрғындарға екпе салдырмай вакцина паспортын жасап отырды.

Әуелі клиент тапқан дәрігер вакцинаны төгіп тастап, содан кейін базаға жалған ақпарат енгізген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақ халаттыны қолға түсірді.

«Медицина қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жалған вакцина паспортын жасаумен айналысатындардың жолын кесу үшін жан-жақты мониторинг жүргізуде», — деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 09:39
Балалар еш кедергісіз білім алуы қажет
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 08:09
Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табысталды
Б.СӘУЛЕБЕК 17.08.2022, 18:07
Балабақшаларды лицензиялау кімдерге ұнамайды?
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ 17.08.2022, 18:02
Ұлттық жобаны игеруде озықтық керек
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 16:34
Сот жүйесі уақыт сұранысына сай бейімделуде
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 17.08.2022, 14:42
«Отбасылық сот» шаңырақты шайқалтпауды көздейді

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22