Жамбыл облысында балаларының көзінше суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды

Сайт әкімшілігі

06.02.2023, 17:23

3198

Жамбыл облысында полицейлер балаларының көзінше өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  

Облыстық полиия департаментінің хабарлауынша, ер адамды Сарысу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Азат Ботабек пен Сарысу АПБ жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау бөлімшесінің инспекторы Жанаділ Қобжанов құтқарып қалған.

«1 ақпан күні олар облыс орталығында қызметтік іссапарда болған. Түскі сағат 14:00 шамасында ықшам аудандағы үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, пәтерінің терезесін сындырған ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері ойланбастан, оның подъездіне қарай жүгіріп, жылап жатқан балалардың көз алдында терезе шынысының сынықтарымен өз тамырын кеспек болған сәтінде пәтерге кіріп үлгерген. Осылайша, қызметкерлер ер адамды тым асығыс жасаған қадамынан құтқара алды.

Оның мас күйде екені анықталды. Одан басқа үйде кәмелетке толмаған екі баласы болған. Үй иесі әйелінің айықпас ауруы туралы білгеннен кейін осындай үмітсіз қадамға бел буғанын айтып берді», — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін ол өзінің қателігін түсініп, өмірін сақтап қалғаны үшін оларға алғыс айтты және бұдан былай асығыс әрекет жасамаймын деп уәде берді.

«Біздің жұмысымызда бөтеннің проблемасы деген түсінік жоқ. Біз әріптесім екеуміз дәл уақытында үлгергенімізге және орны толмас қайғылы жағдайдың алдын алғанымызға қуаныштымыз», – дейді Сарысу АПБ тергеушісі Азат Ботабек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 10:44
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді
Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 09:41
4 облыс тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жасалды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.03.2023, 05:53
Білім саласы сыбайластықтан көз ашпай тұр
Еркежан АРЫН 26.03.2023, 18:47
Шығысқазақстандық ғалымдардың өнертабыстары медицинаға көмектеседі
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 14:22
Қостанай облысының өрт сөндірушілеріне жаңа форма мен техника сатып алынады
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 11:00
Синоптиктер Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз ауа райы жағдайын болжап отыр

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44