Жамбыл облысында өрт болып бес бала қаза тапты

Сайт әкімшілігі

19.02.2021, 20:10

1287

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан.

Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының отағасы жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған барлық бала улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», — делінген хабарламада. 

Зардап шеккен отбасына жергілікті атқарушы органдардың жан-жақты көмегі, оның ішінде психологтардың көмегі және жерлеуді ұйымдастыру көрсетілетіні айтылады.

«Жамбыл облысы ТЖД жедел тобы, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты. Сонымен қатар, оқиға орнына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 дана техника жұмыс істеді. Өрт толықтай сөндірілді. Улы газдан улану жағдайлары оның жану өнімдерінде газдың толық жанбауы кезінде пайда болады, онда адам ағзасына әсер ететін улы газ пайда болады!», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда тілсіз жау бес қызды опат қылған болатын. Ал кеше Қызылордада үй өртеніп бесіктегі сәби қаза болды. 

Тегтер: өрт қауіпсіздік бала ата-ана

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15