Жамбыл облысында қашықтан оқыту мәселесі сәтті шешімін тапты

Сайт әкімшілігі

21.12.2020, 14:01

101

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына сәйкес, Жамбыл облысында әр сала бойынша жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Сондай-ақ пандемия уақытында қашықтан оқытуға қатысты мәселелер де оңынан шешілді десек болады.

Ел президенті Қасым-Жомарт тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:Іс қимыл кезеңі» Жолдауында: Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деген болатын.  Осы орайда, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласның қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, қашықтан оқытудың өңірде қаншалықты сәтті өткенін саралаған болатын.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық корпусында өткен бейнеконференц-байланыс режимінде өткен жиынға барлық аудандағы ауыл мектептерінің мұғалімдері қатысты. Облыс әкімі биыл білім беру саласын дамытуға 185,8 миллиард теңге бөлінгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп екенін баса айтты.

– Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ауқымды қолдаулардың түпкі мақсаты – білім сапасын арттыру. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануымен мұғалімдер жаңа құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды. Мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді, – деді Бердібек Сапарбаев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 22:46
Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 15:51
Түркістанда балық шаруашылығы жақсы дамып келеді

Аңдатпа


  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08