Жамбыл облысының балықшыларына субсидия берілмек

Сайт әкімшілігі

25.12.2020, 09:15

600

Жамбыл облысы балық шаруашылығын дамытуды мейлінше қолға алған. Қазіргі таңда облыс аумағында 121 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны болса, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіптен нәсіп табам деген 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 38 балық шаруашылығы су

Биыл өңірде 666 тонна балық ауланыпты. Нәтижесінде табиғат пайдаланушылардан жергілікті бюджетке 11 млн 943 мың теңге түскен. Ал ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарына балық аулау лимиті 1150,7 тоннаны құрап отыр.

Облыстағы балық шаруашығын дамытуда су айдындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз етуде кедергілер бар көрінеді.

«Басқарма облыстағы барлық су айдындарын сумен қамтамасыз етілуін зерделеп шықты. Нәтижесінде, 121 су айдынының тек 17-де ғана су деңгейі тұрақты екендігі анықталып отыр. Біз облысымыздағы балық шаруашылығы су айдындарын сумен тұрақты қамтамасыз етпесек, келешекте балық шаруашылығын дамыту қиынға соғады. Оның үстіне, табиғи су қоймаларында өсірілген балық аулау квотасын көтеру де қиындық туғызады» — дейді маман.

Сондықтан Басқарма жеке тоғанда интенсивті балық өсіру шаруашылығын дамыту тәжірибесін қолға алған. Бұл әдістің ерекшелігі сол Кәсіпкер өзінің жеріне тоған салып, балық өсіреді. Жем, шабақ, аналық балық сатып алу, құрал-жабдық сатып алу мемлекет тарапынан субсидияланады. Тоғанды алып қою қаупі болмайды.

Сонымен қатар, өңірімізде тауарлы балық өсіру кәсібін өрістету жолға қойылуда. Жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары арқылы өткен Шу өзенінің арнасын және Жамбыл мен Байзақ аудандары арқылы өткен Талас өзенінің арнасынан тоған жасауға жарамды 24 жер учаскелерін анықтаған. Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарындағы Шу өзенінің бойында барлығы 119 гектарды құрайтын 13 учаске анықталып отыр. Мамандардың айтуынша, осы учаскелерде балық өсіру тоғаны жасалса 238 тонна тауарлы балық өсіруге мүмкін болмақ. Ал Жамбыл және Байзақ аудандарындағы Талас өзенінің бойынан 16,6 гектар аумақты құрайтын 11 учаске алынып, ол жерде 24,8 тоннаны құрайтын тауарлы балық өсіруге болатындығын алға тартуда.

Сондай ақ, тау бөктерлеріндегі салқын суларда форель шаруашылығын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар басталған. Форель балығын өсіруге қолайлы өзендерді анықтайтын және резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарға облыстық бюджеттен 29,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні конкурс жеңімпазы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-і танылған. Бұл орталық Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының тау бөктерлеріндегі 22 тау өзендеріне және 36 балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді
Мариям МАҚСАТ 21.01.2021, 14:14
Павлодар атауы өзгере ме?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 20.01.2021, 09:21
Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.01.2021, 14:46
Қарағандылық қайсар ана депутаттыққа неге ілікпеді?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 19.01.2021, 09:05
Әбдіқалықованы отставкаға жібереміз бе?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15