Жаңа кәсіпорындар жұмысымен танысты

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ

05.10.2021, 16:23

417

Батыс Қазақстан облысының жағрапиялық орналасуы шағын және орта бизнесті дамытуға өте ыңғайлы. Өзіміздің Атырау және Ақтөбе облыстарынан бөлек, Ресейдің бес губерниясымен шектесеміз. Жергілікті кәсіпкерлер осы әлеуетті жақсы пайдалануда. Солардың бірі – осыдан бір ай бұрын жұмысқа кіріскен Uralsk Trade Company сүт өндірісі зауыты.

         Зауытта Беларусь Республикасынан жеткізілген құрғақ ұнтақтан сүт дайындалады. Өнім 25 градусқа дейінгі температурада алты айға дейін сақталады. Келешекте өндіріс көлемі мен өнім түрлері көбейтілмек. Ол үшін сүт қабылдау орны ашылмақ. Қазір қажетті база, инфрақұрылым бар. Зауытқа әзірге 30 адам жұмысқа қабылданған. Жоба толықтай іске қосылған кезде жұмысшылар саны 100-ге жеткізіледі. «Зауыт тәулігіне 116 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Күні бүгін «Зорькин луг», «Молоково» тауарлық белгілерін қолданып отырмыз. «Уральская» тауарлық белгісін патенттеуге ұсындық. Осы белгімен шығатын өнім тек табиғи сүттен жасалады. Сүт қабылдау орнын ашып, айран, сүзбе өндірмек жоспарымыз бар», – деді кәсіпорын басшысы Саяхат Ғабдуллин серіктестік жұмысымен танысуға келген облыс әкімі Ғали Есқалиевке.

Зауыттың жобалық құны – 1 млрд теңге. Оған қоса, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры арқылы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 300 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілген.

Өңір басшысы барған екінші кәсіпорын – «Eurasian Trend» ЖШС үйдің ішкі есіктерін жасаумен айналысады. Орал қаласында осыдан төрт жыл бұрын құрылған серіктестікте бес цех жұмыс істеп тұр, 80 адам еңбек етеді. Мұнда күніне 200 дана есік жасалады. Экологиялық таза шикізаттан есіктің 20 түрін шығаруға қол жеткен. «Қажетті шикізатты Ресейден, қала берді, Еуропа елдерінен алдырамыз. Кәсібімізді әлі де дамытып, өнім көлемін көбейткіміз келеді. Бірақ қазіргі уақытта ғимаратты жалға алып отырғандықтан, оған мүмкіндік жоқ. Бізге мемлекеттен көмек қажет. Цехтар салуға коммуналдық желілері тартылған жер берілсе, жоспарымызды толық жүзеге асыра алар едік», – деп кәсіпорын басшысы Биболат Хайрушев әкімге өтініш айтты.

Серіктестік жобаны бастау үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» қорынан 350 миллион теңге қаржылай қолдау алыпты. Болашақта өндіріс көлемі артқан кезде айына 10 мың дана есік жасаймыз деп отыр. Сонымен қатар корпустық жиһаздар дайындау ниеттері де бар.

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01