Жаңа Қазақстанды құруда – жастарға сеніміміз мол

Бифат НҰРМАХАНҚЫЗЫ

25.03.2022, 16:10

1526

Мемлекеттің алға жылжып, болашағы мығым болуы үшін Жастар саясаты әрқашанда басты орында саналады. Себебі жастар – қоғамның бастаушы күші, негізгі барометрі. Ел жастарының мәдени іс-шараларға белсене араласуы әрқашанда маңызды. Себебі жастарға қазірден дұрыс бағыт-бағдар берілмесе, ертеңгі күні болашақтан зор үміт күту қиынға соғады.

Қазіргі таңда еліміздегі жастардың қоғамдағы ең өзекті, түйткілді мәселелері жетіп артылады. Мәселен, жұмыссыздықтың салдарынан, көптеген жастар сандалып жүргені бәрімізге мәлім. Сондай-ақ жоғары білім алып жүріп, бос уақытын пайдасыз істерге арнап жүрген жастар да жетерлік. Осы сынды түйткілді мәселелерді шешуге қандай қажетті қадамдар жасалынып жатыр деген сұраққа келсек, Жастар саясаты әр өңірден құрылып, аймақтардағы жастардың басын қосып, қоғамдық жұмыстарға араласып жүргенін де жоққа шығаруға болмас. Мәселен, өткен аптада Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөнінде кеңестің алғашқы отырысы өткен болатын-ды. Кеңес отырысында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен жастар саясатының жаңартылған құрамы бекітілді. Белсенді жастар қатысқан жиында жастар саясаты, жас ғалымдарды қолдау, жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Жиында айтылған мәселелер айтылып қана қоймай, жаңа құрамның атсалысуымен шешімін табады деп сенеміз. Бұл кеңес жөнінде Алматы студенттер Альянсының төрағасы Жасұлан Бостандықұлы алдағы уақытта жастар құрамы бірлесе отырып, «Жаңа Қазақстанды» құруға белсене кірісетінін айтады.

— Алматы студенттері Альянсының құрамы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа Қазақстан – жаңғыру жолы» атты Жолдауын шын ықыласпен тыңдады. Көбіміз мән бергендей, жолдауда саяси-әлеуметтік, экономикалық мәселелер ғана емес, әкімшілік-территориялық  бөліну бойынша да біршама өзгерістер айтылды. Сол себепті, Жаңа Қазақстан идеологиясын жаңа жолмен келетін бағыт деп есептеймін. Оның ішінде, Жастар саясатында «Жаңа Қазақстан» бойынша Президент жанындағы жастар кеңесінің құрамы жаңартылды. Құрамға елге танымал белгілі азамат-азаматшалар да қосылды. Сондай-ақ күні кеше ғана Алматы қаласында Президент жөніндегі жастар кеңесінің отырысы өткен болатын-ды. Жаңа құрамнан жаңа өзгерістер болады деген үміттеміз. Ал қандай шаралар атқарылып жатқандығын айтатын болсақ, Алматы жастары Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеологиясын қолдау мақсатында «Алматы-Арена» кешенінде белсенді жастар мен студенттердің басын қосатын үлкен концерт өткізді. Бұл концерттің негізгі мақсаты – екі жыл бойы карантинде, онлайн оқуда болған студент жастарды бір ортаға топтастырып, қалыпты өмірге қайта оралудың бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта белсенді жастардың басын қосып, іс-шаралар өткізетін боламыз. Президентіміз «Жаңа Қазақстан – бүгінгі буынның кейінгі буынға беріп жатқан аманаты. Сол себепті әр адам Жаңа Қазақстанды өзінен бастауы тиіс», – деп Жолдауында айтқан болатын. Осы орайда, әр адам өзін жаңа заман талабына сай өзгертіп, жастар да Жаңа Қазақстанды құруға атсалысады деген ойдамын, – дейді Жасұлан Бостандықұлы.

Жасұлан мырза айтпақшы, Жаңа Қазақстанды құруда жастарға сенім мол. Яғни, бүгінгі жастар ертеңгі күннің көшбасшысы әрі Қазақстанның болашағын қалыптастыратын ұрпақ өкілдері деп, нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан да жастарға қатысты мәселелер алдағы уақытта шешімін табады деген үміт зор.  Және жастарды, жастар саясатын қолдау ешқашан маңызын жоймайтын мәселе болып қала бермек.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27