11.09.2020, 15:58
1010
Шымкентте эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды.
Енді шымкенттіктер бұрынғысынша әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып алуларына болады.
Бұл жөнінде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.
Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, тоқыма жəне өзге де өнімдер базар нарқынан 10-15 пайызға төмен ұсынылады
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР