16.10.2020, 10:13
454
Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері демалыс күндері өткізілетін. Қала тұрғындары үшін енді аптаның ортасында да жәрмеңке ұйымдастыру қолға алынып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Еңбекші ауданында аптаның әр сәрсенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесі «Фосфоршылар» мәдениет сарайының алдындағы алаңда өтеді. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі азаматтарды қолжетімді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қамтамасыз етуді көздейді.
Аудан әкімдігі жәрмеңкеге келушілерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, бетперделік режимді, қол гигиенасын (қолғаптар, антисептиктер) және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескертеді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР